«Айқанат» олимпиадасы – білім мен тәжірибе алаңы

23.10.2026

Мектебіміздің 8-сынып оқушылары Кеңес ауылына барып, «Айқанат» олимпиадасына қатысты. Оқушылар білімдерін сынап, ұсынылған тест тапсырмаларын орындады.

Олимпиадаға қатысу – оқушылар үшін білім деңгейін бағалап қана қоймай, жаңа ортада өз мүмкіндіктерін байқап, тәжірибе жинақтауға берілген жақсы мүмкіндік болды. Оқушыларымыз тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, белсенділік танытты.

Олимпиада барысында 8-сынып оқушысы Дәулет Бекасыл «Айқанат» олимпиадасының өкілдеріне сұхбат беріп, өзінің олимпиададан алған әсері мен ой-пікірімен бөлісті.
Олимпиада аяқталды. Енді бар назарымыз – нәтижеде.

Нәтижесін асыға күтеміз!

Просмотров: 2


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу