АПТАЛЫҚ ЖИЫН
19.10.2026
Апта басында мектебімізде оқушылармен дәстүрлі апталық жиын өткізілді.
Жиын барысында өткен «Шаш өру апталығының» қорытындысы шығарылып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге белсенді атсалысқан қыздар марапатталды.
Сонымен қатар, мектеп Президентін сайлау қорытындысы жарияланып, оқушылардың таңдауы бойынша мектеп Президенті атанған оқушы салтанатты түрде таныстырылып, марапатталды.
Жиынның тағы бір маңызды бөлігі – оқушыларға «Аптаның дәйексөзі» таныстырылды. Апта бойы осы сөздердің мағынасына назар аударып, күнделікті қарым-қатынаста орынды қолдану ұсынылды.
Осындай апталық жиындар оқушылардың белсенділігін арттырып, мектеп өміріне жауапкершілікпен қатысуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.