ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
08.10.2026
Ақмола облысы білім басқармасының
Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі
«Барап ауылының негізгі орта мектебі» ҚММ
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Мектебімізде Қарттар күні мен Еңбек күніне орай тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға Кеңес ауылдық округінің әкімі Жетпісов Мадияр Мұратұлы арнайы қатысып, ақсақалдарымыз бен әжелерімізге, мектеп ұжымына өзінің жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мадияр Мұратұлы үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін атап өтіп, елдің дамуына өз еңбегімен үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, мерекеге қатысушыларға символикалық сыйлықтар табыстап, үлкендерге деген құрметін көрсетті.
Мерекелік шара барысында қарттарды қадірлеу, еңбекті бағалау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы жылы лебіздер айтылды. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас ұрпақ үлкенді сыйлауды, еңбекті бағалауды және елге қызмет етудің маңызын түсінеді.
Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілейміз! Еңбегіміз жемісті, ел-жұртымыздың бірлігі берік болсын!