«Зан жане тартіп»

02.04.2026

«Заң мен тәртіп» тақырыбында мектепішілік дебат ойындары өтті

Барап ауылының негізгі орта мектебінде «Заң мен тәртіп» тәрбие бағыты аясында 6–7 сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат ойындары өткізілді.

Дебаттың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізуге, дәлелді пікір айтуға және қарсы тараптың көзқарасын құрметтеуге үйрету.

Пікірсайыс барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғап, белсенділік танытты. Сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау, сөйлеу мәдениеті және өзара пікір алмасу дағдылары дамыды.

Осындай дебат ойындары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге ықпал етеді.

Просмотров: 648


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу